$ 494.87  520.65  4.91

«Ата-анасы көріп тұрған»: ШҚО-да өзен маңында серуендеген 14 жастағы қыз ағысқа құлап, көз жұмды

Қыздың денесі 3 сағаттан кейін табылды. 

Фото: Риддер ТЖД
Фото: Риддер ТЖД

4 тамызда Риддерден бес шақырым жерде Громотуха өзенінің сарқырамасында өзен арнасынан өтіп бара жатқан 14 жастағы қыз тасқа тайып, қатты ағыс оны алып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

20 адамнан тұратын топ өз бетінше жаяу серуендеген кезде қайғылы жағдай болып, 14 жастағы қыз көз жұмды. Қызды ағыс алып кеткенін ата-анасы көріп тұрған.

“Сағат 14:45-те №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Громотуха өзені учаскесінде "Компания ЛК ГЭС" ЖШС су қоймасынан жоғары ағысқа қарай бір қызды су алып кеткені туралы хабарланды. Сағат 15:30-да оқиға орнына УАЗ құтқару көлігіндегі 10 адам және Риддер қалалық ІІБ-нің 5 қызметкерінен тұратын ЖСҚ-1 бөлімі жіберілді”, – деп хабарлады Риддер қалалық төтенше жағдайлар бөлімі.

Громотуха өзенінің жоғарғы ағысы бойындағы шатқал бойындағы "Компания ЛК ГЭС" ЖШС су қоймасында іздеу бірнеше сағатқа созылды. Мұндағы жер бедері тасты.Сағат 18:03-те су алатын жерден бес шақырым, жағадан 25 метр жерден қыздың денесі табылды. Азаматтық қорғау қызметкерлері полиция қызметкерлерімен марқұмның денесін судан шығарып, 22:00-дерде арнайы қызметке тапсырды.

Оқиғаға байланысты Риддер қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан тұрғындарына ескерту жасады.

“Риддер қаласының маңында қауіпті аймақтар көп, тау өзендері, жартас. Балаларды былай қойғанда, мұндай аймақтарда жүру тіпті ересектерге де қиын. Ол жаққа тек гидтермен бару керек”, – деп мәлімдеді Риддер қалалық ТЖБ азаматтық қорғау тобының офицері Қанат Әбілқайыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары