$ 494.87  520.65  4.91

Дағыстанда қазақстандық азамат сапбордтан теңізге құлап, із-түссіз жоғалып кетті (ВИДЕО)

Үш күннен бері ол туралы бірде бір хабар жоқ. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстаннан отбасымен бірге Дағыстанға қыдырып барған туристі Каспий теңізінде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ислам (47 жаста) Дағыстанға отбасымен бірге демалысқа кеткен. Ол ингушетиялық, бірақ көп жылдан бері Қазақстанда тұрады. Жоғалғанға дейін турист Ізбербашта сапборд мініп келе жатып, 19 жастағы Мирза мінген гидроцикл сүйреп келе жатқан тақтайшаға соғысқан.

Құтқарушылар төрт адамды судан шығарса, біреуі өз бетімен жағаға көтерілген. Үшеуі, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді. Кеудеше кимеген жалғыз Ислам. Құтқарушылар оны әлі іздеп жатыр. Гидроцикл жүргізушісі ұсталып, өмірге қауіп төндіретін қызмет көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары