$ 494.87  520.65  4.91

«Электр энергиясы туралы заң жобасы»: Депутаттар бұл мәселені жаңа маусымда тағы көтере ме?

Қазақстанды жалпы саны 150 энергиямен жабдықтаушы ұйым бар. Оның ішінде 35-і реттеледі. Қалғанының лицензиясы қайтарып алынады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

29 наурызда Мәжіліс энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысына тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Энергиямен жабдықтау саласындағы өнімсіз делдалдарды жою мақсатында энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясы нарығының құрылымынан шығару және олардың функцияларын өңірлік электр желілері компанияларына беру ұсынылады. Реттелетін бағаларға қайта оралу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тарифтерді белгілеудегі ашықтығын қамтамасыз етеді, электр энергиясы нарығындағы алыпсатарлықты жоюға, сараланған тарифтерден жүйелі түрде бас тартуға және әлеуметтік шиеленістің алдын алуға мүмкіндік береді.

Мәжіліс екінші оқылымда электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекеттің электр энергиясы нарығының жеткілікті инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ететін базалық электр станцияларын салу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданғанын хабарлайды. ең жоғары жүктеме сағаттары, сондай-ақ әлеуетті инвесторларды таңдаудың тендерлік тәртібін жетілдіруге, жасыл энергетиканы дамытудың гибридті топтық механизмін енгізуге және т.б. бағытталған түзетулер енгізілді.

Бұл ретте қандай ұсыныстар мақұлданғаны, олардың неден тұратыны және не ұсынатыны туралы нақты ақпарат көрсетілмеген.

Реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясы тоқтатылады.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтуынша, Қазақстанда 35 реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйым бар.

Журналистер ведомство басшысынан «Депутаттар мемлекет тарапынан реттелмейтін электр энергиямен жабдықтайтын ұйымдар жоқ жерден миллиардтап ақша тауып жатқанын айтып, олардың жұмысын тоқтатуды сұрады. Себебі олардың артында шетелдегі қазақстандық олигархтар тұр. Сіз бұл мәселеге байланысты не ойлайсыз?» деп сұрады.

«Бұл мәселені Парламент депутаттары көтерді. Олар электр энергетикасы нарығынан энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды шығару туралы айтты. Қазір әзірге реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясын тоқтату туралы туралы шешім қабылданды. Қазақстанды жалпы саны 150 энергиямен жабдықтаушы ұйым бар. Оның ішінде 35-і реттеледі. Қалғанының лицензиясы қайтарып алынады. Яғни бұл қызмет түрі реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен көрсетілетін болады. Олардың бәрі Энергетика министрлігі мен Табиғи монополияларды реттеу комитетіне бақылауында», – деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев.

Сөзінше, нарықтық тетіктер белгілі бір тауар түрінің профициті кезінде қолданылады.

«Яғни, егер нарықта электр энергиясының көлемі жеткілікті деңгейде көп болса, онда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арзан электр энергиясын сатып алу мүмкіндігіне ие болып, бәсеке жағдайында бір-бірімен тұтынушы үшін күреседі. Қазір нарықтың құрылымы оған қарама-қарсы. Бізде электр энергиясы тапшы. Ондай кезде тұтынушы үшін емес, өндіруші үшін күрес жүреді. Өз кезегінде бұл өндірушілердегі бағаның көтерілуіне ықпал етеді. Нарықта мұндай жағдайды болдырмас үшін реттеуші шаралар қабылданды. Бұл монополист қалыптасады дегенді білдірмейді. Бұл нарықта тәртіп орнату деген сөз. Яғни мемлекет нарық дамуының осы кезеңінде баға белгілейтін барлық субъектіге толық бақылау жүргізетін болады», – деді министр Мәжіліс кулуарында

Бұл ретте, еліміздегі электр қуатымен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығы дабыл қағып, Үкіметке үндеу жолдады.

Қазақстанның энергиямен жабдықтаушы ұйымдары Үкіметке жаппай шағым түсіруде. Электр энергиясы саласында 1 сәуірден коллапс орнауы мүмкін деп дабыл қаққан  энергетиктер Ұлттық Экономика және Энергетика министріне үндеу жолдады. Оған себеп – аталған ұйымдардың қызметіне тыйым салынуы. Кәсіпорындар электр энергиясын сатып алуға берілген негізгі лицензияларды қайтарып алу туралы шешіммен келіспейтіндерін жеткізді. Бұл олардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр етеді.

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың талабы қандай?

Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығының бастамасымен өткен брифингте қауымдастық басшысы Сергей Агафонов  бірнеше мәлімдеме жасады. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы беймонополиялау туралы саясатына қарсы әрекет жасалып жатыр деп есептейді.

«Лицензияны тек сот арқылы ғана қайтарып алуға болады. Ұлттық заңнамада мемлекеттік органның бастамасы бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қарастырылмаған. Осы салада жүргеніме 24 жыл болды, бірақ мұндай жағдай болғаны есімде жоқ. Реттелмейтін энергия тасымалдаушы ұйымдардың сотқа жүгіну әрекеттері қазірдің өзінде басталды. Мемлекеттік органдардың әрекеті заңсыз. Ертең энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметіне тыйым салынған заң шықса, онда ешқандай сұрақ туындамайды. Бүгінде бұл хаос», – деді Сергей Агафонов.

Бүгінде қауымдастық атынан Ұлттық экономика және энергетика министрлігінің басшыларына хаттар жолданды. Сондай-ақ Қазақстан Президентіне ашық хат жарияланды. Ұйым басшылары қазірдің өзінде лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жоюды талап етіп, сотқа шағым түсірген. Бұдан бөлек кәсіпорындардың шығынын толық өтеу мәселесі де көтерілуде. Елде мұндай энергиямен жабдықтаушы ұйымдар 100-ден асады. 

Энергиямен жабдықтау нарығындағылар саланың бір бөлігі ретінде оларды жойғанымен, тариф құны төмендемейді дейді. Қауымдастықтың мәліметінше, электр энергиясының тариф құрылымын жабдықтау үстемесі 2-3 пайызды құрайды. Қалғаны – электр энергиясын өндіру мен тасымалдау шығындары.

Қауымдастық төрағасының айтуынша, электр энергиясын беру және жеткізу функцияларын біріктіргеннен кейін, тариф бәсекелестіктің болмауына байланысты өсе бастайды. Сондай-ақ қауымдастық ұйымдардың жұмысын тоқтату төлем дағдарысына алып келеді деп пайымдайды.

Енді депуаттар жаңа маусымда бұл мәселені тағы көтере ме, әлде заңды бәз-баяғы қалпында қалдыра ма? Әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары