07.08.2024, 10:40

Демеу Жадыраев финалда жолығатын жапондық балуан туралы айтты

Фото: olympic.kz

Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ.

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жектерін қорытындылады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр. Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездесіп, жеңілген едім.  Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты. Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз", - деді Жадыраев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Сенсация! Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды