«Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
58 жыл бұрын (1966) – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Дүниежүзілік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Қанайұлы Тілеухан дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген. 1992-2001 жылдары – Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1996-1997 жылдары – Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 1997-2001 жылдары – Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары – «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымдағы депутаты болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты.
2021 жылдың желтоқсанынан бастап бастап қазіргі қызметінде.