$ 494.87  520.65  4.91

10:1 есебіндегі таза жеңіс: Нұрсұлтан Тұрсынов қарсыласын ойсырата жеңді

Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллиді таза ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

87 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан қазақстандық балуан мысырлық Мохамед Метваллиді 10:1 есебімен жеңіп, жарыстың ширек финалына шықты.

Енді ширек финалда тәжірибелі отандасымыз Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі.

Мысырлық палуан - Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 40
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары