$ 494.87  520.65  4.91

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – болашаққа бүгіннен жол салу

Мемлекеттік органдар қанша тырысса да, қоғамның қол­дауын­сыз бұл жолда жетістікке жете алмайды.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Сыбайлас жемқорлықпен үздіксіз күресу әрбір азаматтың міндеті. Осы орайда тұрғындар арасында парақорлыққа көз жұмып қарамау және оның кез келген түріне қарсы реакция көрсету мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Жемқорлық әрекеттері ел халқының бойына сіңіп, қоғамдағы қалыпты құбылысқа айналып кетпеуі керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – болашақ үшін жасалуы керек маңызды қадам. Жас өскіннің бойына қазірден осы мәдениеттің дәнін ексек оның жемісін көп ұзамай көреріміз анық.

Кез келген мәселені заңсыз шешу құқықтық мәдениетке кері әсер етіп, адамның бостандығына қауіп төндіреді. Сонымен қатар мемлекеттің экономикалық дамуына да теріс әсер етеді. Заңнан аттап жемқорлыққа жол беретін кей шенеуніктердің әрекетінің нәтижесін бүгінде көріп жүрміз. Мемлекет басшысы әкім және министр жұмсалған қаражатқа ғана емес, оны дұрыс жоспарлауға да жауапты болуға тиіс екенін осыған дейін  де айтқан еді.

Өкінішке қарай, пара беру процесі күнделікті өміріміздің әрбір саласында көрініс тауып жүр. Ал онымен күресудің басты құралы – күреске әрбір саналы азаматтың қатысуы болып отыр.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде жаңаша теория мен тәжірбиені қолдану заман талабы. Себебі азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, өзінің құқығы мен міндеті туралы біліммен сусындату және оны күнделікті өмірде қолданып, жемқорлық әрекетіне ұшырасқан жағдайда оны құқығының бұзылғандығы ретінде қабылдауға бейімдеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін тапсырмасы.

Ол үшін парақорлыққа қарсы білім мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, әдістері мен құралдары қамтылған нақты педагогикалық түсініктің болуы маңызды.

Сыбайлас жемқорлықты барынша азайту үшін жастардың тәрбиесіне ерекше назар аудару керек. Өйткені, жастар кәсіби мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметті қалыптастыру үдерісінде заманауи мемлекеттің болашағы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырсақ, біздің қоғам бұрынғыдан да жақсара түсері анық. Ол үшін сіз бен біздің үлесіміз керек. Себебі, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, мемлекеттік органдар қанша тырысса да, қоғамның қол­дауын­сыз бұл жолда жетістікке жете алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары