$ 478.93  534.96  5.16

Ақтөбе облысында 6 адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Көз жұмған балалардың 6, 7-сынып оқушылары екені белгілі болды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, салдарынан 6 адам көз жұмды, олардың үшеуі бала, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Оның үшеуі бала. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-аналары басқа облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан", – деп мәлімдеді Темір жол министрлігінің басқарма басшысы Айдос Құлжанов.

Көз жұмған балалардың 6, 7-сынып оқушылары екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары