$ 494.87  520.65  4.91

Оралда жұмысшы қаза тапты: тергеу басталды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі кезде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Орал қаласында 47 жастағы жұмысшының жаяу көпірден Шаған өзеніне құлап, мерт болуына байланысты тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармадан түскен мәліметке қарағанда, жұмыс беруші мекеме – «Батыс Ақжол Строй» ЖШС-дан металл конструкциялары монтаждаушысының жазатайым қазаға ұшырағаны жөнінде хабарлама түскен.

«Осыған байланысты басқарма жазатайым оқиғаны арнайы тексеру үшін комиссия құрады. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары анықталатын болады», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі кезде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары