Болжамға сәйкес, 8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қазгидромет Қазақстан бойынша 08-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, 8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.
“Найзағай түсіп, қатты жел соғып, бұршақ жауады. 8-9 тамызда батыста қарқынды жаңбыр жауады. Ал 8-10 тамыз аралығында солтүстік - батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста жаңбыр жауады. Жалпы ел бойынша жел күшейеді”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С өте қатты ыстық болады. Ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендейді.