#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

«Қазақ боксындағы жүйені түгел өзгертуіміз керек еді»: Боксшыларымыздың жаппай жеңілгеніне кім кінәлі?

Елішілік бокс бәсекесінде шәкірттері ойсырай жеңілсе де, кей бапкерлердің намысқа тырыспайтынына күйіне сөйлеген Еділов кезінде Олимпиадада 2 алтын 2 күміс алып келсе де, өзі ескерусіз қалғанын қынжылыспен жеткізді.

Фото: aqzhelken
Фото: aqzhelken

"Уақыт көрсетеді" YouTube арнасына Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов сұхбат берді. Ол Париж Олимпиадасындағы боксшыларымыздың жаппай жеңілгені жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Олимпиадада бас бапкер жауапты. Ондай ірі жарысқа баратын мықтыларды кішігірім халықаралық жарыстарға апармау керек еді. Шымбергеновті неге апарады, Олимпиадаға? Ол 12 жыл олимпиадалық құрамада жүр, оның орнына жас күштерді апару керек қой. Ат та 12 жыл шаппайды ғой. Бұл жерде бас бапкердің білімі керек. Бір шәкіртін 3 Олимпиадаға апару деген болмайды ғой. Басқа да мықты боксшыларды үлкен жарыстарға тарту керек», – дейді ол.

Елішілік бокс бәсекесінде шәкірттері ойсырай жеңілсе де, кей бапкерлердің намысқа тырыспайтынына күйіне сөйлеген Еділов кезінде Олимпиадада 2 алтын 2 күміс алып келсе де, өзі ескерусіз қалғанын қынжылыспен жеткізді.

«Бізде қазір бокске бөлінетін қаражат футболға бөлінетін ақшадан 2 есе көп. Баяғыда бізге 15 боксшыға, 2 жаттықтырушы мен 1 дәрігерге ғана ақша бөліп, болашақ чемпиондарды дайындататын. Оның өзінде әуелі біз өз ақшамызбен жаттықтырып, үкімет бөлген қаржыға 2-3 айдан кейін ғана қолымыз жетуші еді. Қазір ше? Қазір 100 бала дайындық кезеңінде жаттығып жатыр. Бірақ, нәтиже жоқ. Біз Токио Олимпиадасынан кейін-ақ дабыл қағып, қазақ боксындағы жүйені түгел өзгертуіміз керек еді», – дейді Тұрсынғали Еділов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары