$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе облысында дәрігерлердің былығы әшкереленді

Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атырау облысында өндірістік жарақат фактілерін жасырған дәрігерлерге шара қолданылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Прокурорлық тексеріс кезінде еңбек қауіпсіздігі саласында заң бұзушылықтар анықталды.

«Медициналық ұйымның қызметкерлерімен 13 өндірістік жарақат фактісі жасырылған. Аталған фактілер бойынша жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтау үшін міндетті тергеулер қамтамасыз етілмеген. Өз кезегінде жәбірленушілер өздеріне тиесілі өтемақы алу құқығынан айырылды», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.  

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде Мақат аудандық ауруханасы ҚР ӘҚБтК-нің 96-бабының 1-бөлігімен (Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары