12.08.2014, 05:30

Бүгінде бизнес үшін квотаны орындау оңай болмай тұр - ҰКП сарапшылары

Сурет: baq.kz

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына енгізілуге тиіс өзгертулер тізбесін жасап шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

ҰКП баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсыныста негізгі аспект — кәсіпкерліктегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары болып отыр.

Жиналыс аясында мүгедектер ұйымдарының мемлекеттік сатып алуларға қатысуына, салық салуға, мүгедектердің жұмысқа орналасуына, сондай-ақ олар үшін жұмыс орындарының квотасын орнатуға байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

— Бүгінгі таңда шағын бизнес үшін квотаны орындау салмақты проблема болып табылады. Жұмыскерлерінің саны 34 және одан да көп адам болатын жұмыс берушілер 1 адамды ғана қабылдай алады. Ал егер жұмыскерлердің саны 33 және одан аз мөлшерді құраса, онда 33 жұмыскерден 3% 0,99 адамды құрайды, — деп атап өтті Ұлттық палата сарапшылары.

ҰКП нарықтық экономика жағдайында жұмыс берушілер үшін нарықтық уәждеме қажет деген ойда. Ұлттық палата мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қолдауға бизнестің қатысуын ынталандыру бойынша мына шараларды ұсынды:

- мүгедекті жұмысқа орналастыру үшін берілетін жұмыс орнын құруға шығынның орнын толтыру;- мүгедектердің еңбек өнімділігінде айырмашылықты жабатын жалақыға субсидия беру;- оқу аяқталған соң да жұмыс орындарын қайта жабдықтауға қосымша дотация беру;- мүгедектердің жұмыс орнын сақтап қоюға жұмыс берушілерді ынталандыратын дотациялар беру.