Ата-анасы сол жерге барса, қыз ол жерде жоқ болып шығады.
Қызылорда облысында мектеп оқушылары 16 жасар бойжеткені қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкше болуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жәбірленуші қыздың ата-анасы «Немолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәріден көмек сұрап, хат жазған. Қор жетекшісінің жазуынша, зәбір көрген қыз үйінің жалғызы.
«Ақпан айынан бері үйіне бармай қойып жүрген. Әке-шешесі полицияға арыз жазады. Полиция қызды іздеудің орнына ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан. Сондықтан амалы қалмаған ата-ана қызды өздері іздей бастаған. Қыз ара-тұра хабарласып тұрған. Ол кафеде даяшы немесе гүл дүкенінде сатушы болып жұмыс жасайтынын айтқан. Ата-анасы сол жерге барса, қыз ол жерде жоқ болып шығады. Ата-анасы шу шығармас үшін қыздың осылай істеуіне итермелеген. Кеше барлығы белгілі болды. Сыныптастары қыздан үлкен көлемде ақша бопсалаған. Егер ақшаны әкелмесе шашы мен қасын түгелдей кесіп тастаймыз деп қорқытқан. Қыз досынан ақша сұраған. Досы қыздың ата-анасына болып жатқан жайтты айтып берген», – деп жазды Дина Таңсәрі Instagram-дағы парақшасында.