08.08.2024, 16:20

Азамат Дәулетбеков америкалық балуаннан жеңіліп қалды

Фото: Olympic.kz

Енді Дәулетбеков Брукстың финалға шығуын күтеді.

Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының бірінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тәжірибелі балуан америкалық Аарон Брукске есе жіберді. Есеп - 3:4.

Аарон Брукс АҚШ біріншілігінде әйгілі Дэвид Тейлорды жеңген болатын.

Енді Дәулетбеков Брукстың финалға шығуын күтеді. Егер ол ақтық сынға сүрінбей жетсе, Дәулетбековте жұбаныш белдесуіне мүмкіндік пайда болады.