$ 494.87  520.65  4.91

Баспагер: «Отбасыңмен бірге бауыздаймыз» деп қорқытқандар болды

Мәлімдемені жариялағаннан кейін қала басшылығы үйіме патруль қойды.

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Белгілі баспагер Бақытжан Бұқарбай орыс тілінде жарық көрген «Қазақтарды қалай басқаруға болады?» кітабынан кейін басынан өткен жағдайларды баяндады. Оның айтуынша, кітап шыққан соң белгісіз біреулер оны қорқытқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баспагер бұл туралы «Airan» Youtube арнасына берген сұхбаты барысында айтып берді.

 «Жеке басыма қатысты, отбасыма қатысты қоқан-лоққы жасалды. «Отбасыңмен бірге бауыздаймыз» деген қоқан-лоққы болды. Бот бар, әдейі жазғандар болуы мүмкін деп әлеуметтік желідегі парақшамда видео жарияладым. «Отбасыңмен бірге бауыздаймыз» деген кез келген жағдай да бұл артық әңгіме. Бұған отбасымның қатысы жоқ дегендей. Мәлімдемені жариялағаннан кейін қала басшылығы үйіме патруль қойып қойды. Жеке өзіме арнайы хабарласап, «кездесейік» деген ешкім болған жоқ», – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Кітаптың мұқабасына қарап баға беруді қояйық»: Unknownkazak блогының авторы дау тудырған жайтқа пікір білдірді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары