13 турист жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Түркияда қазақстандық туристер мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 8 тамызда таңғы жетілер шамасында Бодрум-Милас тас жолында болған. Салдарынан 13 адам ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жүк көлігі шағын автобусты соққан. Қатты соққыдан автобус жол жиегіне шығып, бүйіріне аударылған.
Жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Зардап шеккендер туралы нақты деректер әлі анықталмаған.