Сәкен Бибосынов ¼ финалда басты қарсыластарының бірі, өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді.
Боксшы Хасанбой Дусматов Париж Олимпиадасында финалдық кездесуде Франциядан келген қарсыласын жеңіп, Өзбекстанға үшінші алтын әкелді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, Өзбекстан қоржынына үшінші алтын медальды салды.
Ақтық кездесуде Дусматов Франция өкілі Биллал Беннамамен кездесті. Бұл жекпе-жек өзбекстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды (Рио-2016, Париж 2024).
Қазір Өзбекстан Олимпиада құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 қола медаль бар.
Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан ерлер арасында қазақстандық Сәкен Бибосынов ¼ финалда басты қарсыластарының бірі, өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістірді.