Қазір Қазақстан құрамасы 10-23 қыркүйек аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін Шахмат олимпиадасына мықтап дайындалып жатыр.
5 тамызда Астанада Рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева турлар барысында жоғары нәтиже көрсетті, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық шахматшы қыз рапидтің 9-шы раундында Қытайдың Decade China Team командасының мүшесі, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңді. Осылайша ол 12 турдан кейін рапид бойынша чемпион атанды.
Мен қара фигуралармен ойнадым. Қытайдың командасы өте күшті, сондықтан жақсы ойын көрсеткім келді. Бұл алғаш рет тікелей ойнаған партиямыз болды, оған дейін біз тек онлайн кездестік. Мен жақсы партия ойнай алдым деп ойлаймын, бір кезде сапаны құрбан етіп бастама үшін ойнадым, бірақ ақырында айламды асырып, оны жеңе алдым, - деді Асаубаева.
Қазір Қазақстан құрамасы 10-23 қыркүйек аралығында Будапештте (Венгрия) өтетін Шахмат олимпиадасына мықтап дайындалып жатыр.