$ 494.87  520.65  4.91

Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Жер сілкінісінен Жапонияның шығыс жағалауына биіктігі 30 метрден асатын цунами түседі деген болжам бар.

Фото: Bloomberg
Фото: Bloomberg

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида 9 тамызға жоспарланған Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға төрт күндік сапарын кейінге қалдырды, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Жапония метеорологиялық агенттігі Нанкай жарығы аймағында жер сілкінуі мүмкін деп ескерту жасағаннан кейін премьер-министр осы шешімге келген. 

Кишида алдағы аптада Үкіметтің барлық күштері жағдайды бақылауға және Нанкай жарығында болуы мүмкін үлкен жер сілкінісіне дайындалуға бағытталатынын атап өтті.

Жапония премьер-министрі 9-12 тамыз аралығында Қазақстанға, Өзбекстанға және Моңғолияға бармақ болған. Кишиданың Астанаға сапарының бірінші күніне "Орталық Азия + Жапония" саммиті жоспарланған болатын, екінші күні ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі тиіс еді.

Еске салсақ, 8 тамызда Жапонияның оңтүстік-батысында 7,1 баллдық жер сілкінді. Бірнеше сағат өткен соң Жапонияның метеорологиялық агенттігі тағы да жер сілкінуі мүмкін деп ескерту жасады. Жер сілкінісінен Жапонияның шығыс жағалауына биіктігі 30 метрден асатын цунами түседі деген болжам бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары