$ 494.87  520.65  4.91

Денис Тенді өлтіргендердің жазасын өтеу шарттары жеңілдетілді

Олар 19 жылға бас бостандығынан айырылған.

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандардың қамауда ұстау шарттары жеңілдетілді. Олар қауіпсіздігі орташа колонияларға ауыстырылды, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

“Аталған сотталғандар (Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов – ред. ескертпесі) Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының қауіпсіздігі орташа мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. Жазаны жеңілдету туралы өтініштерді қарау және шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады", - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сайт тілшісіне берген жауабында.

Комитет өкілдері сотталушыларға қатысты басқа мәліметтерді жариялауға жатпайтынын айтты. Еске сала кетсек, 2018 жылы 19 маусымда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Артынша, спортшының өліміне күдіктілер ұсталды. Олардың бірі Жамбыл облысының тұрғыны Нұралы Қиясов болса, екіншісі Қызылорда облысының азаматы Арман Құдайбергенов болып шықты. Олар 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге қылмысты жасырды деп айыпталған Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жуырда Денис Тенді өлтірді деп сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіргенін хабарлаған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары