$ 494.87  520.65  4.91

Банкир Тәтішевтің өліміне қатысты сотталған кәсіпкер мерзімінен бұрын босап шығатын болды

Ақпарат сотта расталды.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қабылданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақпарат сотта расталды.

"Қонаев қалалық сотының 2024 жылы 26 шілдедегі қаулысымен Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды", – деп хабарлайды Алматы облыстық соты.

Еске сала кетейік, 2007 жылы Тоқмәди Тәтішевтің абайсызда қаза тапқаны үшін рақымшылық жасау жазасынан босатыла отырып, бір жылға бас бостандығынан айырылған еді.

2017 жылы сот Тоқмәдиді бопсалау және қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары