10.08.2024, 13:30

Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Қазақстанға оралды (ВИДЕО)

Фото: Алматы әкімдігі

Ол халыққа алғыс айтты.

Алматы әуежайында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Демеу Жадыраевты Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Олимпиада күміс жүлдегерін халық әуежайдан көтеріп шығарды.

"Барлығыңызды құттықтаймын! Алла алдарыңыздан жарылқасын! Мені қолдап жатқан адамдарға алғыс айтамын! Бұл жеңіске сіздердің арқаларыңызда жеттім. Барлығыңызға рахмет! Енді 2028 жылғы Олимпиадаға дайындаламыз. Ештеңе кедергі болмауы керек", - деді спортшы.