10.08.2024, 15:30

Атышулы Иман Хелиф Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Фото: liveresult.ru

Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.

Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бокстан жартылай орта салмақтағы финалда алжирлік Иман Хелиф Париж Олимпиадасының алтын жүлдесін жеңіп алды. Финалда 25 жастағы Хелиф қытайлық қарсыласы Ян Люді 5:0 есебімен жеңді.

Ол  әйелдер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы алтын медаль иеленді. Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люден басым түсті. Төрешілер бірауыздан жеңісті алжирлік боксшыға берді.

Еске салсақ, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын, өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.