Демеу Жадраевқа "Жетісу облысының құрметті азаматы" төсбелгісі табысталды.
Парижде күміс медель иеленген классикалық балуан Демеу Жадраевқа "Жетісу облысының құрметті азаматы" төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ал оның анасы Күлипа Бижановаға облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жаркент қаласынан жаңа үйдің кілтін сыйға тартты.
Сонымен қатар, әкімдік хабарламасында жазылғандай балуанның бірінші жаттықтырушысы Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке жаттықтырушы Боранбек Қоңыратовқа ақшалай сыйлықтар табысталған.