14.08.2024, 00:30

Ақмола облысында 10 тонна шөп өртеніп кетті

Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақмола облысында шөп таситын көліктің тіркемесіндегі 10 тонна шөп өртенді. Оқиға Бестөбе ауылында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Облыстық ТЖД төтенше жағдай орын алған жағдайда "101" және "112" нөмеріне хабарласу керектігін ескертеді.