$ 494.87  520.65  4.91

«Көзімнің тұсы жырылып, қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы Flyarystan компаниясының үстінен арыз жазды

Жауапсыздық! 

Фото: instagram.com/sultankyzy
Фото: instagram.com/sultankyzy

Белгілі тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы Flyarystan әуекомпаниясының үстінен арыз жазбақ. Медиамаман борттың ішінде келеңсіз жағдайға тап болған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға кеше, 13 тамыз күні кешке 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшқан бортта орын алған. 

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, ұшақ жерге қонған соң, есігі ашылмай тұрып қалған сәтте жанында отырған басқа жолаушының абайсыздығынан оның бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат құлап, көзінің тұсын жырып, қабағын жарақаттаған.

«Бұл Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ. Менің, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары