50 жастағы Петрилло 2019 жылы жынысын ауыстырып, әйелге айналған. Ал оған дейін ер адам болған.
Паралимпиада ойындарына алғаш рет трансгендер спортшы қатысатын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
The Guardian басылымының жазуынша, 50 жастағы Петрилло 2019 жылы жынысын ауыстырып, әйелге айналған. Ал оған дейін ер адам болған.
Италиялық желаяқ Валентина Петрилло Париждегі Паралимпиада ойындарына қатысады. Осылайша ол паралимпиада тарихындағы алғашқы трансгендер спортшы болмақ. Былтыр Парижде өткен әлем чемпионатында 200 және 400 метрге жүгіріп, қола жүлдегер атанған.