Кәпеновке бес күн бұрын іздеу жариялаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті Азамат Кәпеновке іздеу салады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Азамат Кәпенов Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған. 2015 жылы ол Мәсімовтің үлкен қызына үйленген.
Іздеу карточкасында жазылғандай, іздеу жүргізіп отырған орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шығыс Қазақстан облысындағы департаменті. Бұл орган Кәпеновке бес күн бұрын іздеу жариялаған.
Айта кетейік,қаңтар оқиғасы бойынша 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімов жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық сұраған болатын. Бірақ, президент оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.