$ 480.63  535.13  5.27

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлы түнгі уақытта көшеде жүрген (ВИДЕО)

Жәбірленуші кінәлі адамның жазасын дұрыс өтемей жүргеніне наразы. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта көшеде жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеоны адвокат Анна Чернова өз парақшасына жүктеген.

“Видео шамамен түнгі сағат 3-те жарияланды, ал ол кешкі 23.00-ден кейін үйде болуы керек. Оның үстіне оның тіркелген жері – Астана, бірақ видео түнде Алматыда түсірілген. Бұл жерде бірнеше құқықбұзушылық орын алып отыр”, – деп мәлімдеді адвокат Анна Чернова.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрсалы Болат ерлі-зайыпты заңгерлер Черновтарға шабуыл жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алайда видеода оның талапты орындамай жүргені байқалады. Нұрасыл Болат түнде көшеде темекі шегіп тұр және видео авторының сөзіне жауап қатпайды.

Жәбірленуші кінәлі адамның жазасын дұрыс өтемей жүргеніне наразы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары