$ 479.38  531.63  5.27

«Ханзада Жумонгтың ұрпақтары»: Желіде Кореядан келген құдалар көптің талқысына түсті (ВИДЕО)

Өте мәдениетті халық.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Кореядан келген құдалардың видеосы тарады. Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көптің пікіріне ие болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

"Кореямен құда болып жатырмыз. Ханзада Жумонгтың ұрпақтары", деп жазды видео авторы.

Алайда видео астына көптің пікірі екіге жарылды. Бірі қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шыққанын қолдаса, бірі мұндай үрдістің белең алып бара жатқанына алаңдаушылық білдіретінін жазды.

"Кореяда той жарты сағат болады, біздегі 6 сағат тойды көріп таңғалған шығар", "көп адамды көріп, шошыған болар", "өте мәдениетті халық", "кореялықтар да әйелінің айтқанымен жүреді екен ғой", "құда болмаған ел қалмады-ау", "той біткенше әрең отырған шығар" деп жазды желі қолданушылары.

Видеоға 70 мыңға жуық лүпіл басылып, 1800-ден астам пікір жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары