15.08.2024, 08:30

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Фото: Pixabay

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 

«Қазгидромет» РМК синоптиктері республика бойынша 15, 16 және 17 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мамандардың  мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендейді, ал оңтүстігінде аптап ыстық басылмайды. Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 15-17 тамызда солтүстік-батыста және солтүстікте, 16 тамызда орталықта, 17 тамызда Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Ал еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді: күндіз республиканың батысында +18+28, солтүстік-батыста +15+26, солтүстікте +18+23 градусқа дейін», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасына.

Сонымен қатар синоптиктер тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында күндіз +35+38 градус ыстық сақталады, 15 тамызда еліміздің оңтүстігінде +41 градус, ал орталықта қатты ыстық сақталады. Елде +35 градус ыстық болады деп болжам жасады.