$ 478.93  534.96  5.16

Қазақ айтыскерлері өзбек пен қырғыз спортшыларының Олимпиададағы жетістігін әнге қосты (ВИДЕО)

Құттықтаймын өзбек халқымды.

Өз көршімсің менің, менің өзбегім.

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында топ жарған өзбек және қырғыз спортшыларын әбден мақтады. Тіпті көрші елдің спортшыларын әнге қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі ақынның айтқан әні Tik Tok әлеуметтік желісінде кеңінен тарауда.

«Өзбектердің жақсысын-ай,

Ударлардан қашты былай,

Қара, дайындалған қалай.

Жеңіс алған күміс, алтынды

Құттықтаймын өзбек халқымды.

Өз көршімсің менің, менің өзбегім.

Диораның мықтысын-ай,

Абені де ұтты былай

Қара, подсечкасы қалай.

Жеңіс алған күміс, алтынды

Құттықтаймын өзбек халқымды.

Өз көршімсің менің, менің өзбегім»,  – дейді өзбек халқына ән арнаған ақындар.

Өнер иелері қырғыз халқын құттықтаған.

«Қызыл желек, желбіреткен

Қырғыз неткен ержүректі ең,

Бір туғанның әр медальін

Құттықтаймыз кең жүрекпен.

Қызыл желек, қызыл желек

Қазақ үшін орның бөлек

Бір туғандар бірін бірі

Өз еліндей қолдау керек

Қызыл желек, қызыл желек

Жанкүйермін сені демеп

Ақжол менен Демеу сынды

Екі ел бауыр болу керек», – деді қырғыз елін құттықтаған ақындар.

Ал олардың әнін тыңдаған желі қолданушылары ақындары қатаң сынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары