14.08.2024, 17:00

Air Astana ұшағы әуежайда көлікпен соқтығысып қалды

Фото: www.airport-technology.com

Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді. 

Air Astana ұшағы тағы қолайсыз жағдайға тап болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әуекомпаниясының мәліметінше, Алматы әуежайында лайнердің есігін тамақ таситын машина зақымдаған.

«Air Astana 13 тамызда КС 267 «Алматы-Бейжің» рейсін дайындау кезінде әуе кемесінің есігі тамақ таситын машинадан зақымданғаны туралы хабарлайды. Бұл рейстің жолаушылары бүгінгі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі. Әуекомпания рейстің кешіктірілгеніне өкініп, оған әуекомпания кінәлі емес екенін атап көрсетеді. Air Astana Алматы халықаралық әуежайын материалдық залал келтіруден басқа ұшу кестесін бұзатын оқиғалардың алдын алуға шақырады», – делінген хабарламада.