14.08.2024, 17:40

Өзбек боксшысы президенті сыйға берген су жаңа автокөлікті айдамай жатып соғып алды (ВИДЕО)

Фото: Газета.uz

Онда боксшының көлікті өзі жүргізіп келіп, арнайы белгісі бар өзге көлікті соққаны анық көрінеді.

Бокстан аса ауыр салмақта Париж Олимпиадасының чемпионы атанған өзбекстандық Баходир Жалолов президент Шавкат Мирзиеев сыйлаған Chevrolet Tahoe автокөлігін алған сәтте-ақ соқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жол көлік оқиғасы түсірілген видеоролик әлеуметтік желіде тарап кеткен. Онда боксшының көлікті өзі жүргізіп келіп, арнайы белгісі бар өзге көлікті соққаны анық көрінеді.

Еске салайық, Өзбекстан билігі Олимпиада чемпионы атанған спортшыларға 200 мың доллар мен Chevrolet Tahoe жол талғамайтын автокөлігін және екі қабатты коттедж сыйға тартты.