$ 478.93  534.96  5.16

Солтүстік Қазақстанда балабақша қызметкері 3,5 жылға сотталды

Бұл әрекеттердің барлығы соңғы 3 жылда 2021-2024 жылдар аралығында жасалған.  

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның кінәлі адамы мемлекет бюджетіне келтірілген зиянды толық көлемде өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінің қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады.

Сонымен қатар, Айыртау аудандық прокуратурасымен аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.", делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының хабарламасында.

Сонымен қатар, тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі және т.б. салаларда бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау жұмыстары жалғасуда және аудандық прокуратураның ерекше бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары