$ 494.87  520.65  4.91

Дарын Мубаров қызына тоқал болуға рұқсат беретінін айтты

Ол жас қыздарға көбіне үйленьбеген жігіттер ұсыныспен келетінін айтты.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Уағызшы Дарын Мурбаров «Уақыт көрсетеді» подкастына берген сұхбатында қыздарына тоқал болуға рұқсат беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нұрсейіт Жылқышыбай одан «қыздарыңыз екінші әйел болам, өз еркіммен тұрмысқа шығам» десе, рұқсат бересіз бе?» деп сұрады. 

«Рұқсат берем, себебі қызымның айтқанына қарай емес, ол кімге шығайын деп жатыр екенін қарастырамыз. Көбіне қызымызды берген жерлердің басым көпшілігі мені танитын жерлер. Бейтаныс жерге қыз бере қоймаймыз. Араласып, құраласып, оңды-солын біліп қалған жерге береміз. Келіп жатқан жері аманатын сезінетін, дұрыс болса жақсы. Өмірде көзқарастары бір, бір-бірін түсінетін болса», - дейді ол. 

Дарын Мубаров жас қыздарға үйленбегендер ұсыныс айтатынын жеткізді. 

«Аламын» деп отырған жігіт тақуа болып отырса, менің қарсылығым жоқ. Жас қыздар екінші болып шыға қоймайды. Оған қатты қажеттілік жоқ. Әркім өзінің мәпелеп отырған қызына үйленбеген адамдар сұрап келеді. Екінші әйел болуға жас қыздардың ішінде сирегі келісуі мүмкін. Бас сап, екінші, үшінші деп қызын бере бермейді. Әркімнің есебі бар», - дейді уағызшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 16
Күлкілі 11
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары