$ 478.96  533.03  5.22

Сенсация: Путинцева әлемнің екінші ракеткасын жеңді

Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның екінші, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осылайша, қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы, америкалық Кори Гауфты жеңім, сенсация жасады.

1 сағат 54 минутқа созылған жарыста Юлия 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Екінші айналымдағы кездесуде ол әлемнің екінші ракеткасы, турнирдің қазіргі чемпионы, америкалық теннисші Кори Гауффты ұтты. Кездесу 6:4, 2:6, 6:4 есебімен қазақстандық ойыншының пайдасына аяқталды.

Енді Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің бұрынғы екінші, қазіргі 37-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары