$ 494.87  520.65  4.91

Маймыл шешегі: Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтарға ескерту жасады

Негізгі клиникалық белгілері: қызба, бөртпе, тамақ ауруы, бас ауруы, бұлшықет және арқа ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінің өршуіне және аурудың көршілес елдерге таралуына байланысты шетелге шығатын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметінше, маймыл шешегі – Poxviridae тұқымдасына жататын вирустық ауру. Аурудың инкубациялық кезеңі 5-тен 21 күнге дейін болуы мүмкін. Негізгі клиникалық белгілері: қызба, бөртпе, тамақ ауруы, бас ауруы, бұлшықет және арқа ауруы, лимфа түйіндерінің ісінуі.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда маймыл шешегіне шалдығудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Республика аумағына инфекцияның енуіне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Санитарлық карантиндік пункттерде аса қауіпті ауруға күдікті науқасты мемлекеттік шекарадан өткізуге жол бермеу шаралары қабылданған.

Министрлік елімізде инфекцияның таралуын болдырмау үшін эндемиялық елдерге баратын қазақстандықтарға:

- ауру адамдармен және ауру жануарлармен (маймылдар, егеуқұйрықтар, тиіндер және басқа да жабайы жануарлар вирус тасымалдаушылары болуы мүмкін) байланыста болмау;

- қорғаныс құралдарын пайдалану. Жануарларға жақындағанда немесе оларға күтім жасағанда, әсіресе зертханалық жағдайларда, қорғаныс киімдерін, қолғаптарды және маскаларды пайдалану;

- гигиенаны сақтау. Қолды үнемі сабынмен жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану;

- бөртпе, безгек, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болса, диагнозды анықтау және емделу үшін дәрігерге жүгіну қажеттігін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары