$ 479.38  531.63  5.27

Алматыда «Рухы мықты» фотокөрмесінің ашылуы өтті

Көрме Esentai Mall сауда орталығында 14 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында өтеді.

Фото: ҚР Паралимпиада комитеті
Фото: ҚР Паралимпиада комитеті

Париж 2024 XVII Жазғы Паралимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитеті, Францияның Қазақстандағы Елшілігі және Esentai Mall бірлесіп «Рухы мықты» фотокөрмесін ашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көрме Esentai Mall сауда орталығында 14 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында өтеді. Көрмеде параспортқа және паралимпиада қозғалысының құндылықтарына: батылдық, теңдік, жігер мен шабытқа арналған жиырма беске жуық фотосуреттер бар.

Көрмеде 2024 жылдың 28 тамызы мен 8 қыркүйегі аралығында Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын қазақстандық пара-спортшылардың, олардың көпшілігі лицензиаттардың жиырма бес портрет сериясы ұсынылған. Портреттер 2024 жылдың мамыр айында түсірілген. Астана мен Таразды екі атақты кәсіби фотограф: француз Дидье Эшлар мен қазақстандық Оспан Әли түсірді. Әрбір фотосуретте спортшы және оның жетістіктері туралы қысқаша ақпарат беріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев: «Паралимпиадалық қозғалыс спортты баршаға қолжетімді ету үшін ғана емес, адамдарды өз әлеуетін толық іске асыруға ынталандыру үшін де бар. Паралимпиадашылар мүмкін емес ештеңе жоқ екенін өз үлгісімен дәлелдеп отыр. Осы көрме арқылы біз олардың жетістіктері мен үлгілерін көрнекі еткіміз келеді, өйткені біз олардың нағыз батырлар екеніне сенеміз».

Дидье Эхлар: «Осы көрмеде қазақ спортшыларымен танысып, фотосуретке түсіру мен үшін үлкен мәртебе болды. Олардың батылдығы мен қайсарлығы маған қатты әсер етті. 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылармен тағы да кездесуді асыға күтемін. Сондай-ақ Франция Елшілігіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетіне осы тамаша жоба үшін және осы көрмені сіздерге ұсынуға мүмкіндік бергені үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді».

Оспан Әли: «Мені паралимпиадашылар шабыттандырады. Шектеулеріне қарамастан, олар өмірден сынбайды, керісінше, олар шыңға ұмтылады. Менің мақсатым - олардың мақтанатын, өршіл және сонымен бірге қарапайым адамдар ретіндегі бейнелерін жеткізу. Батырларым Паралимпиада ойындарында жүлдегер атанса, бұл мен үшін үлкен мәртебе болмақ, бұл біздің ортақ еңбегіміздің белгісі».

Көрме аясында отандық Allur зауытында шығарылған JAC Sunray шағын автобусының кілті Қазақстан Пара волейбол федерациясына табыс етілді. Бұл оқиға маңызды болды, өйткені 2023 жылы Қазақстан Республикасының отыратын волейбол командасы 1996 жылдан бері алғаш рет Парижде өтетін Паралимпиадаға қатысу лицензиясын жеңіп алды.

«Allur» компаниясының өкілі Нариман Бектұров былай деп атап өтті: «Біз бүкіл әлемнің басты спорт мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының волейболдан Паралимпиадалық құрамасына қолдау көрсету үлкен мәртебе. Біз спортшыларымызды үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз және олардың жеңіске апарар жолы жайлы, оқу-жаттығуды ұйымдастыру тиімді болғанын қалаймыз. Біздің компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі стратегиясының маңызды бөлігі болып табылатын отандық спорт түрлерін – футбол, үстел теннисі, триатлон, хоккей, велоспортты дамытуға көмектесуге қуанышты. Осылайша біз жетістікке бағытталған қоғамды қолдаймыз. Паралимпиадашыларға жарқын өнер тілейміз!».

Отырып ойнайтын волейбол бойынша ҚР құрамасының бас бапкері Бауыржан Тахауов:
«Қазақстандық бизнестің қолдауы біздің команда үшін өте маңызды, бұл көлік бізге мүмкіндігі шектеулі спортшыларды жаттығулар мен жарыстарға жеткізуді жеңілдетеді».

Айта кетейік, өрмеде 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген 22 спорт түрінен барлығы 8 спорт түрі көрсетіледі.

Қосымша ақпарат:

Париждегі Паралимпиада ойындары

2024 ж. 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында

Дидье Эшлар (Didier Echelard) – беделді Париж графика және фотосурет мектебінің түлегі. Эколь Эстьен (Ecole Estienne) – спорт және спортшылар тақырыбындамаманданған, Францияның Паралимпиадалық спорт федерациясының ресми фотографтарының бірі болып табылады.

Дидье Эшлар 2012 жылы Лондонда, 2016 жылы Риода өткен Паралимпиада ойындарын, сондай-ақ басқа да Паралимпиада ойындарын (жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионаты, семсерлесу бойынша әлем кубогы және т.б.) жарыққа шығарған. https://www.didierechelard.com/

Оспан Али (Әлібек Ибраев) – фотосуретші, креатор, көптеген әлеуметтік жобалардың авторы және кураторы. Оның «Балалар кейіпкерлері» (UNICEF), «Қазнет фотосуреттерінің тарихы» (АҚШ елшілігі), «Мен қазақ даласының қызымын» және «AqJaima» (хоспис) жобалары тек Қазақстан тұрғындары арасында ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де кең қолдау тапты. Оспан Алидің туындылары Милан, Париж, Евле, Мальмё, сонымен қатар көптеген Қазақстанның қалаларында көрмелерге қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары