16.08.2024, 13:40

«Сараң жігітке тұрмысқа шықпаңдар!»: Бишімбаевтың сотында танымал болған адвокат ажырасқанын айтты

Фото: https://www.instagram.com/advokatzhanna/

Бірінші некедегі күйеуіммен ұрыс-керіссіз ажырастық. 11 жыл бірге өмір сүрдік.

Марқұм Салтанат Нүкенованың отбасылық адвокаты Жанна Уразбахова бірінші күйеуінен ажырасып, кейін басқа ер азаматқа тұрмысқа шыққан. Бұл туралы құқық қорғаушының өзі айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Адвокат бұл туралы «Мамский әңгіме» Youtube-арнасына берген сұхбаты барысында баяндады.

«Мен де ажырасқан әйелмін. Үш балам бар. Бүгін алғаш рет осы подкаста жеке өмірім туралы айтып отырмын. Оған дейін менің балаларым бар екенін көпшілік білмейді. Бірінші некедегі күйеуіммен ұрыс-керіссіз ажырастық. 11 жыл бірге өмір сүрдік. Біздің көзқарасымыз екітүрлі болды, болашақты да екеуміз екі көзқараспен қарайтын едік. Ол кезде қызымыз 11-де, ұлым 4 жаста болды. Екеуміздің жиі ренжіскенімізді, бақытсыз түрімізді балалардың көргенін қаламадық. Ашық сөйлесіп, сотқа арыз жазуға бардық. Сол кезде судьяның «ажырасудың себебі не?» деп сұрағаны есімде. «Біз әрі қарай бірге өмір сүре алмаймыз. Ажырасқымыз келеді» дедім. Сосын ажырастық, дүние мүлікті бөліп алдық. Бірақ екеуміз бөлек кетсек те, ата-ана міндеттерін қатар атқарамыз деп келістік», – деді адвокат.

Оның айтуынша, Уразбахова екінші рет тұрмыс құрған. Содан үшінші баласын босанған. Енді ол жас қыздарға әпкелік ақылын айтты.

«Шын махаббаты екінші рет тұрмысқа шыққан кезде түсіндім. Екінші күйеуім – балаларымның жақын досы. Өте қолы ашық, жомарт кісі. Қуанғанымды көру үшін соңғы дүниесін қиюға әзір. Сол үшін үнемі «сараң жігітке тұрмысқа шықпаңдар» деп жиі айтамын», – деді ол.