16.08.2024, 14:00

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бекзат Саттархановтың үйіне барып, анасынан бата алды

Фото: instagram.com/muhammedsabyr002

Ол Олимпиада чемпионының алтын жүлдесін тағып суретке түсті.

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына барып, анасымен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол Олимпиада чемпионының алтын жүлдесін тағып суретке түсті.

«2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың шаңырағына келіп, анасынан бата алдық», - деп жазды Базарбайұлы.

Еске салсақ, қазақстандық олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Бекзат Саттарханов 2000 жылы 31 желтоқсанда көлік апатынан қайғылы жағдайда қаза тапты. Оның денесі туған өлкесі Түркістандағы зират аумағына жерленді. Бүгінде даңқты боксшының құрметіне туған қаласы Шымкентте Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі  ашылған.