$ 478.96  533.03  5.22

«Көлікті рұқсатсыз алып кеткен»: Солтүстік Қазақстанда 18 жастағы жігіт жасөспірімді қағып өлтірді

Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Фото: Колеса
Фото: Колеса

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мағжан Жұмабаев аудандық ІІБ кезекші бөліміне "Шкода Рапид" көлігін тізгіндеген 18 жастағы жасөспірім 16 жастағы велосипедшіні қағып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұл факті бойынша "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды", – делінген хабарламада.

Жас жігітті бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары