$ 478.96  533.03  5.22

«Нөмірі 840 мың теңге тұрады»: Дзюдошы Абиба Әбужақыноваға атыраулықтар автокөлік сыйлады

Желі қолданушылары Абибаға берілген көліктің "VIP" нөміріне назар аударды. 

Фото: facebook.com
Фото: facebook.com

Атырау облысында Париж Олимпиадасына қатысушылары Абиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюловаға жерлестері Zeekr автокөліктерін сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Демеушілер тарапынан жасалған қомақты сыйлықты спортшыларға облыс әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде табыстады.

Желі қолданушылары Абибаға берілген көліктің "VIP" нөміріне назар аударды. Желідегі ақпарат бойынша, мұндай мемлекеттік нөмірдің құны – 840 мың теңге. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында дзюдошы Абиба Әбужақынова 48 келі салмақта өнер көрсетті. Ол қола медаль үшін өткен кездесуде швед балуанынан жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады. Ал Эсмигүл Куюлова Олимпиаданың алғашқы ойындарында жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары