18.08.2024, 11:30

«Алланың қалауымен үйлі болдыңыздар!»: Маскадағы жігіт баспанасы суға кеткен 34 отбасына үй сыйлады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті.

Бұл туралы қара бетпердедегі белгісіз жігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кешіріңіз, апа. Сіздер судан зардап шектіңіздер ғой!? Рұқсат болса, Алланың қалауымен сіздер үйлі болдыңыздар", – дейді ол.

Сонымен қатар ол баспана қай өңірлердің тұрғындарына берілгенін атап өтті.

"Су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасы баспаналы болды. Біз сіздермен бірлесіп, 1 млн долларды су тасқынынан зардап шеккен Қазақстанның әр өңіріне үлестірдік. Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы", – дейді жомарт жігіт.