19.08.2024, 00:30

Олимпиадаға қатысудан бас тартқан Юлия Путинцева АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты

Фото: ktf.kz

Ол канадалық Лейла Фернандеспен бірге финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз канадалық Лейла Фернандеспен бірге жартылай финалда чехиялық Линда Носкова – ресейлік Диана Шнайдермен соңғы бәсекенің жолдамасын сарапқа салды.

Нәтижесінде, Лейла Фернандес пен Юлия Путинцева жұбы 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық және канадалық жұп чемпиондық атақ үшін жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Айша Мухаммад және жаңазеландиялық Эрин Рутлифпен таласады.

Айта кетейік, Д.Шнайдер Париж Олимпиадасында Мирра Андреевамен бірге күміс жүлдегер атанған.