19.08.2024, 19:00

Қазақстандық кәсіпкер Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа көлік сыйлады

Фото: instagram.com/myktybekovmaratbek

Алла сізге разы болсын Кеңес мырза! 

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеңес Рақышевтың дзюдошыларға сыйлығы туралы Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Кеңес Хамитұлы қос батырымыз Елдос пен Ғұсманға берген уәдесін орындап, темір тұлпардан мінгізді. Алла сізге разы болсын Кеңес мырза!", - деп жазды Мықтыбеков. 

Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасында 60 кг салмақта белдескен Елдос Сметов финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын медаль еншілеген еді. Ал Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдеге таласта сербиялық дзюдошы Страхинья Бунчичтен басым түсіп, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырған болатын.