$ 478.93  534.96  5.16

Заңгер: Оранған орамалды қыз неге періштелерді өлтіруге құмар болды?

Біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз!

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Жуырда отандық БАҚ-та «Әжетханадан табылған Асылымның өліміне кінәлі табылды» деген ақпарат тараған. Әлеуметтік желіде тіпті, журналист Гүлмира Әбіқай «Қылмысты басқа-басқа емес дәл сол үйге қарама-қарсы тұратын көршісінің 16 жастағы қызы әдейі жасағаны белгілі болды» деп жазған. Осы оқиғаға байланысты елімізге танымал заңгер Айгүл Орынбек пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғаушының пайымдауынша, Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып-соғып қамай салуға болмайды. Күдікті қызды жақсылап тергеу қажет.

«Сарыағаштағы дәретханадан табылған қыз өлтірілген екен. Біздің сараптамашылардың білімсіздігі, «қыз өз өлімімен өлген» деген қорытынды берген еді. Алайда жуырда тағы бір қызды өлтірмекші болған жерінен, орамалдағы қыз  тұтқынға алынды. Ол тағы бір бес жасар қызды өлтірмекші болған екен.

Сарығаштағы алдыңғы «көршісі зорлады» деген бес жасар қыздың өлімін де,  қайта тергеуді талап етемін. Себебі ол қыздың да өлімі маған күдік тудырады. Біздегі тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтіні осы істер  дәлелдейді! Яғни біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз! Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып-соғып қамай салуға болмайды. Ол қанды қол қылмыскер өз қылмысын доғармайды. Жазасыз қалатынын білген маньяк,  өз қылмысын арқарай жасай береді.

Ал халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер! Мен бұл қызды жынды деп қамауға қарсымын, «саған кімдер тапсырма берді?» деп жақсылап тергеуді  талап етемін!», – деп жазды Айгүл Орынбек желідегі парақшасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Тұншықтырып, тастап жіберген»: Әжетханадан табылған Асылымның өліміне кінәлі табылды

«Ағасы үйге іздеп келді»: Әжетханадан табылған Асылым жайлы көршісі пікір білдірді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары