$ 494.87  520.65  4.91

«Талай жыл не үшін айлық алған?»: Еділов бұрынғы бапкерлік құрамды сөз етті

Бапкер спортшыны оның шынайы мүмкіндігіне қарап іріктеуі керек, одан мықтысы шықса, орынды соған беруі қажет. Ал шәкірті жанында жүрсе, қалай да бір бүйрегі соған бұрып тұрады.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Таяуда Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалған Тұрсынғали Еділов бас бапкерге қойылған басты талап туралы және бұрынғы жаттықтырушылық құрам жөнінде пікір білдірді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжановқа жеке шәкіртінің болмауы туралы талап қойылған. Бұл ретте, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов «бас бапкердің жеке шәкіртінің болмауы нәтижеге жеткізеді» деген пікірде.

«Құрамада шәкірті бар бас бапкердің көңілі алаңдаулы болады, ол өз шәкіртіне қарай ма, құрамаға қарай ма? Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Бапкер спортшыны оның шынайы мүмкіндігіне қарап іріктеуі керек, одан мықтысы шықса, орынды соған беруі қажет. Ал шәкірті жанында жүрсе, қалай да бір бүйрегі соған бұрып тұрады. Қытайда екі кубалық бапкер жүр, көрген шығарсыздар?! Баяғыда мен бас бапкер кезден білеміз, жақсы доспыз. Былай қарасаң, үш-төрт қызды чемпион қылып шығарды. Себебі олардың жеке шәкірті жоқ, ешкімнің мүддесін қорғамайды, олар тек нәтижеге жұмыс істейді, сыйақыны да соған байланысты алады. Өткенде біздегі Айтжанов бастаған он бапкер қызметтен кетті. Шынымды айтсам, талай жыл не үшін айлық алып жүргенін түсінбеймін. Олар әділ шешімімен өзгелерге үлгі болуы қажет еді», – деді Еділов.

Еске салсақ, 14 тамызда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары