Сол минивендерге отыратын халық, қалай қорықпайсыздар?
Заңгер Молдахан Әділетхан Жамбыл облысында алты адам қаза тапқан жол апатына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгер жол апатына кінәлі – Тойота Альфард жүргізушілері екенін атап өтті, деп жазады Dalanews.kz.
«Альфард, минивен айдайтындар Қызылордадан Астанаға барады, Астанадан бері үйіне, ауылына қарай қайтады. Үйіне келіп, талып ұйықтайды. Адам дәл солай өмір сүре берсе миы «өшіп» қалады. Қанша мықты болсаң да, жас болсаң да, қаншама энергетикалық сусын ішсең де ұйықтап кетесің. Сол минивендерге отыратын халық, қалай қорықпайсыздар? Оның үстіне ұзақ жол жүрсеңіздер «Альфардқа» отырмаңыздар.
Полиция қызметкерлерінің көлігінде ескертетін жарық (мигалка) жанып келе жатыр, ол өзінің жолағында сағатына 90 шақырыммен келе жатады. «Альфард» қарсы жолаққа шығып кетеді, бірақ өзі ұйықтап кеткен. Егер жүргізуші ұйықтап кетпеген болса қарсы жолаққа шықпас еді, себебі полицейді көріп тұр. Қарапайым халыққа айтарым, полиция болмаса тасжолда қырылып қаласыздар», - дейді заңгер.
Молдахан Әділетхан көп жүргізуші тасжолда асқан жылдамдықпен жүретінін айтады.
«Полиция жаман» деген түсінік дұрыс емес. Полиция болмаса көшеде емін-еркін жүре алмайсың. Көлігіңді қойсаң оны тонап кетеді, көшеде кетіп бара жатсаң әлдекімдер ұрып-соғып, телефоныңды алып кетеді. Үйіңде тыныш жата алмайсың, сыртқа шығып кетсең қылмыскерлер әйеліңді зорлап кетеді. Полиция болмаса басқа да қылмыстар көбейеді. Полиция халықтың тыныштығын ойлап, күзетеді. Полиция болмаса бейберекет жағдай болады, 90-жылдарға ораламыз. Қазір бір жағдай болса не істейсіз? Ештеңе істей алмайсыз, ең бірінші кезекте 102-ге хабарласасыз. Олар келіп, көмектеседі», - дейді Молдахан Әділетхан.
Еске салайық, Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін қазақстандықтар Жамбыл облысындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін Тойота Альфард маркалы автокөліктеріне қарсы шыққан болатын.